Ана құрсағындағы сәбилерге сәтті операция жасалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ана құрсағындағы сәбилерге сәтті операция жасалды

19.08.2024

Алматыда ана құрсағындағы егіздерге операция жасалды. Сондай-ақ іштегі баласының денсаулығына қауіп төнген екі жүкті келіншекке де жасалған ота сәтті өтті.  Бұл – Алматыдағы Перинатология және балалар кардиохирургиясы дәрігерлерінің екінші рет жасаған бірегей операциясы. Ота ананың да, шарананың да өмірі мен денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін әрі жатырішілік патологияларды емдеудің ең заманауи әдістерінің бірі,- дейді мамандар. Орталық дәрігерлері Ресейдің жетекші мамандарымен бірлесіп Алматы қаласынан, Алматы және Ақмола облыстарынан келген үш жүкті келіншекке операция жасаған. Дәрігерлердің сөзінше, қазір науқастардың жағдайы тұрақты. Мамандар олардың жүктілік кезіндегі денсаулығын бақылап, ұрықтың одан әрі дұрыс дамуын жіті қадағалайды.

Анель Өркенова, Алматы перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының феталдық хирургы:

Егер ол оталарды нәресте іште болғанда жасамаса, осы егіздерді алсақ, олар 26-27 аптада туылады да, олар мүгедек болады. Сондықтан 36-37 аптаға дейін жету үшін осы операция жасалуы керек. Оны жасамаса, жатыр ішінде шетінеп кетеді.

Жазира Оразқызы

Хабарламаларға жазылу