Өзбекстанда маймыл шешегіне қарсы шаралар қолға алынды
Әлемді алаңдатқан маймыл шешегі індетіне қарсы шараларды көршілес Өзбекстан елі де мықтап қолға алды. Ең алдымен шекарадан өтетін азаматтарды тексеруде қырағылық күшейтілмек. Сондай-ақ, емдеу орындарының жұмысын ширатып, қажетті препараттар қорын жасақтау басталып кетті.
Базаркүл Отыншиева, тілші:
Туризм саласын дамытуды жолға қойған көршілес мемлекетте әсіресе қазіргідей жаз мезгілінде алыс-жақын шетелден ағылып жатқан мейман көп. Сондықтан «маймыл шешегі індеті елімізге енген жағдайда қандай шұғыл шаралар қабылдаймыз?» деген мәселе төңірегіндегі нақты жоспар бүгінде тас- түйін дайын. Ол туралы жауапты азаматтар арнайы брифингте айтты. Жұқпалы дерттің Өзбекстанға енуіне жол бермеу шаралары жүргізіліп жатыр. Қажетті дәрі-дәрмек қоры жасақталған. Арнайы медициналық база да ұйымдастырылды.
Рустамжон Икрамов, Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басқарма басшысы:
Африкада маймыл шешегінің Clade 1b штамының жаңа толқынына байланысты әлем бойынша төтенше жағдай жарияланғаны белгілі. Өзбекстан аумағында бұл індет тіркелмеген. Біз сақтық шараларын назардан тыс қалдырмаймыз.
Базаркүл Отыншиева, тілші:
Егер науқас адам тіркеле қалса, онымен қарым-қатынаста болған азаматтарға тәулік бойы медициналық бақылау жасау белгіленді. Сондай-ақ ауруды дер кезінде анықтау үшін тест-диагностикалық қор құрылады. Ал ең бастысы жұқпалы аурудың шетелден келуіне және таралуына жол бермеу мақсатында халықаралық әуежайларда, теміржол мен көлік жолдарында, шекаралық өткелдердегі санитарлық бақылау бекеттерінде тұрған мамандардың қырағылығын арттыруға барынша көңіл бөлінбек.
Базаркүл Отыншиева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Наурыз - жаңару мен жаңғырудың бастауы
23.03.2026, 21:36
Қазақстанда бұлақтарды тазалауға арналған «Мөлдір бұлақ» ауқымды экологиялық акциясы басталды
23.03.2026, 13:47
Наурыз: Ұлттық құндылықтар қалай дәріптеліп жатыр?
22.03.2026, 20:34
Каспий теңізінің тартылуы ел экономикасына қалай әсер етеді?
22.03.2026, 20:10
Таяу Шығыстағы қақтығыс: Сарапшылардың пікірі қандай?
22.03.2026, 20:10
Жаңа Ата заң: Қандай заңдарға өзгеріс енгізіледі?
22.03.2026, 20:05
Президент: Ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыруды қолға алған жөн
22.03.2026, 20:04
Наурыз мейрамы: Мемлекет басшысы Түркістанға жұмыс сапарымен барды
22.03.2026, 20:02