Қазақ-түрік университеті су тасқынынан зардап шеккен түлектер үшін қосымша 50 білім грантын бөлді
Халықаралық қазақ-түрік университеті су тасқынынан зардап шеккен түлектер үшін қосымша 50 білім грантын бөлді. Бұл туралы оқу орнының Астанада өткен өкілетті кеңесінің 77-отырысында белгілі болды. Бакалавр және магистратурада білім алғысы келетін қазақстандықтар үшін университет жыл сайын 500 квота бөледі. Бүгін кеңесте былтырғы оқу жылын қорытындылап, алдағы жылдың жоспары айқындалды. Соның ішінде Мемлекет басшысының «Turk Time» бастамасы аясында бірқатар зерттеу жұмыстарын жүргізу жағы пысықталды.
Дархан Қыдырәлі, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:Сел апатында зардап шеккен аймақтарға арнайы квота бөлініп отыр. Мұның барлығы осы бауырлас елдерге ортақ оқу орнының еліміздегі жағдайларға бей-жай қарамайтынын көрсетеді. Жалпы Қазақ-түрік университеті біздің интеграцияның бастауында тұр деп айтуға болады.
Мухиттин Шимшек, Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің өкілетті кеңес төрағасы:«Turk Time» бастамасы түркітілдес халықтардың бірлігін арттыратына күмән жоқ. Ол арқылы мәдениеттеріміз, тарихымыз бен дәстүрлеріміз үндесе түсетіні анық. Қазақстан мен Түркия бірін бірі бауыр санайды. Біз де бүгін су тасқынынан зардап шеккен талапкерлер үшін қосымша білім грантын бөліп, оларды қолдап отырмыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жасөспірімдер тәртіп сақшыларының жұмысымен танысты
06.05.2026, 20:56
Өңірлік ғылымды дамытуға басымдық беріледі
06.05.2026, 20:54
Шоқан – қазақ ғылымының бетке ұстары
06.05.2026, 20:53
Ерлік пен Патриоттық егіз ұғым
06.05.2026, 20:48
«Тұлпармен өткен бір күн» атты этно-танымдық шара өтті
06.05.2026, 20:46
Әкелер арасында волейболдан жарыс өтті
06.05.2026, 20:45
Мәйіттік ағза донорлығы адам өмірін сақтап қалуда
06.05.2026, 20:22
«Қазцинк» кәсіпорнындағы жарылысқа қатысты тергеу аяқталды
06.05.2026, 20:18