Шымкентте мас жолаушы жүргізушіге қол жұмсап, өзге жолаушы қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте мас жолаушы жүргізушіге қол жұмсап, өзге жолаушы қаза тапты

17.08.2024

Шымкентте араққа сылқия тойған жолаушы автобус жүргізушісін соққыға жықты. Салдарынан жүргізуші бірден тежегішті басып, есікке жақын тұрған әйел құлап, көз жұмды. Оқиға мегаполистегі №148 бағытта қатынайтын автобуста болған. Жүргізуші қазір ауруханада жатыр. Ал күдікті ұсталып, оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Автобус жүргізушісін ұрып-соғу дерегі жиілеп кетті. Бір ғана мысал, Алматыда жолаушы жүргізушіге ауыр соққы жасап, есінен тандырған еді. Басқарусыз қалған автобус үш адамды басып кетті. 4 адам ауыр жарақат алды. Апатқа себепкер болған ер адам 8 жылға сотталды. Ал осыдан бір ай бұрын ғана Астанада және Ақтауда тағы да жүргізушілер соққыға жығылды. Осындай жағдайлар болмас үшін полицейлер қоғамдық көліктерді 100 пайыз бейнебақылау камералармен жабдықтап, дабыл түймесін орнатуды ұсынып отыр.


Хабарламаларға жазылу