Қызылордада энергия үнемдейтін шыны өндірісі іске қосылды
Қызылордада шыны зауыты еліміз үшін тағы бір тың өндірісті іске қосты. Кәсіпорын жуырда энергия үнемдейтін әйнек шығара бастайды.
Жаңа жобаның құны 6,7 миллиард теңге. Мамандар заманауи технология арқылы қыста жылу ұстайтын, жазда күннен қорғайтын әйнек өндіріп жатыр. Жалпы бұл жаңашылдықтардың бастамасы ғана. Орталық Азия бойынша ең ірі шыны зауыт алдағы уақытта смартфонға қолданатын өнімдерді де шығаруды жоспарлап отыр. Қазір мұнда 400-ге жуық адам еңбек етеді. Ал энергия үнемдейтін шыныға алыс-жақын шет елден сұраныс көп.
Ғалымжан Қуатов, өндіріс бөлімі басшысының орынбасары:
Бұған дейін осы Қазақстан ішкі нарығына мұны Ресейден алып келген бұл өнімді. Қазір енді біз осы зауыт қосылғалы бері Қазақстанның ішкі нарығын қамтамасыз етуге жұмыс жасап жатырмыз. Одан бөлек Орталық Азияға, Ресей, Әзірбайжан, Грузия мемлекеттеріне жіберуге ниеттеміз.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Болашақ ойындарында мыңға жуық волонтер қызмет етеді
23.07.2026, 20:45
ШҚО-да республикалық ардагерлер ұйымының кеңесі өтті
23.07.2026, 20:40
Еңбек нарығында оң динамика байқалады
23.07.2026, 20:38
Елімізде жеке ортездер шығаратын алғашқы мемлекеттік өндіріс іске қосылады
23.07.2026, 20:35
4 700-ден астам адам ағза ауыстыруға мұқтаж
23.07.2026, 20:29
Алматыда бесінші қабаттан құлаған 4 жасар бала аман қалды
23.07.2026, 20:23
Ресейде су тасқыны үйлерді шайып кетті
23.07.2026, 20:22
Қостанайда жастар өзен жағасын жинап жарысты
23.07.2026, 20:22