Алматыда өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Әлем чемпионаты өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Әлем чемпионаты өтіп жатыр

16.08.2024

Алматыда өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Әлем чемпионаты өтіп жатыр. Жарыста алты елден келген 13-17 жас аралығындағы жасөспірімдар бақ сынайды. Үш күнге созылатын сайыс төрт кезеңнен тұрады. Біріншісі сатымен жоғары өрмелеу. Екінші сайыста спортшылар пәрмен берілген кезде алдымен құбыршекті көліктің су сақтайтын бөлігіне қосуы тиіс. Сосын түрлі кедергілерді еңсеріп, 100 метр қашықтықта жүгіріп өтуі керек. Әр топқа 16-17 секундтан уақыт берілді. Спорттық сайысқа бұл ойынның енгізілуі де бекер емес. Көпқабатты үйлерден дабыл қоңырауы түскенде, абдырап қалмас үшін, өрт сөндірушілер осы әдісті жақсы меңгеруі керек, - дейді мамандар.

Дәурен Данаев, қазақстандық өрт сөндірушілер мен құтқарушылар спорт федерациясының басшысы:

Осы спортта ТЖМ төңірегінде жүріп, бұл балалар 18 жеткенше, бірнеше жылда өзінің кәсіптік мамандығын таңдау мүмкіндігі бар. Содан кейін жас маман болып келіп, кейбіреулері спорттық жағын жалғастыра береді, кейбіреулері кәсіптік деңгейімен. Барлық облыс орталықтарында өрт сөндіру-құтқару бойынша секцияларын аштық.

Айдана Қуантхан

Хабарламаларға жазылу