Шығыс Қазақстанда аптап ыстық қайтпай тұр
Тамыз айының тең ортасы болса да шығыста аптап ыстық қайтпай тұр. Соңғы үш тәулікте орташа сынап бағанасы +33+35 градусқа дейін көтерілді. Оңтүстік аудандарда 38+40 градусқа жетті. Синоптиктер, өңірде алдағы тәуліктерде ыстықтың қайтпайтынын хабарлады. Дәрігерлер қатты ыстық әсіресе, созылмалы жүрек қан тамырлары ауруына шалдыққан науқас адамдарға өте қолайсыз екенін айтады. Тіпті соңғы үш тәулікте аяқ асты қысымы көтеріліп, жедел жәрдемге қоңырау соғатындар да күрт көбейді. Таулы аудандарда бұршақ жауып, қатты найзағай болуы мүмкін. Сондықтан өңірде дала мен орман өртінің қаупі жоғарылады. Төтенше жағдай департаменті тұрғындарға қауіпсіздікті ерекше ескеру жөнінде хабарламаны күн сайын таратып жатыр.
Олжас Керейхан
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17