Алматыда троллейбус аялдамаға соғылып, бір адам жарақаттанды
Алматыдағы Мақатаев көшесінде қоғамдық көліктің қатысуымен тағы жол апаты болды. №7 троллейбус жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, аялдамаға соғылған. Бұл – соңғы 2 айда болған екінші жол-көлік апаты. Полиция департаментінің хабарлауынша, апат салдарынан аялдамада тұрған адам жарақат алған.
Ол дереу №7 қалалық ауруханаға жеткізілді. Медициналық көмек көрсетіліп, емханаға амбулаторлық емдеуге жіберілген. Ал троллейбустағы жолаушылар аман. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Естеріңізде болса, маусым айының соңында Мақатаев пен Масаншы көшесінің қиылысында автобус пен Kia автокөлігі соқтығысып, бір жолаушы қаза тапты. 16 адам жарақат алды. Жеңіл көлік иесі үйқамақта, ал тергеу әлі жалғасып жатыр.
Жазира Оразқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: Каратэшілер 5 медаль ұтты
22.09.2026, 13:21
Алакөлге қосымша электр желісін тартып жатыр
22.09.2026, 13:12
Ресей қатерлі ісікке қарсы бірнеше вакцинаны сынауда
22.09.2026, 13:09
Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді
22.09.2026, 13:06
Неміс автоконцерні төрт зауытты жабуды жоспарлап отыр
22.09.2026, 13:03
Рөлін сол жаққа ауыстырып алған көлікпен жолаушы тасуға болмайды
22.09.2026, 13:00
Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді
22.09.2026, 12:34
Ақсу шатқалында көру алаңы ашылды
22.09.2026, 10:07