Астанада полигон қоқыстан тазартылды
Бүгін Астана қаласы мен барлық облыстарда тұрғындар құрал-сайманын алып, көше, аула, саябақ пен жол жиектерін тазартуға шықты. Ал негізінен тарихи нысандар мен ескерткіштерді тазартуға басымдық берілді.
Бас қалада «Таза бейсенбі» акциясы аясында қар полигоны қоқыстан тазартылды. Оған «AMANAT» партиясы мүшелері мен 100-ден астам ерікті қатысты. Белсенділер аумақтағы қураған шөптерді орып, шашылып жатқан қоқысты жинады.
Жетісу облысында «Таза бейсенбі» акциясы Ескелді ауданының Шымыр ауылында жалғасты. «AMANAT» партиясының мүшелері, мемлекеттік қызметшілер бұл жолы саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш маңын күл-қоқыстан, арамшөптен тазартты. Сондай-ақ ауылдар арасындағы жол жиектерінен де қоқыс шығарылды. Шараға 100-ге жуық адам қатысты.
Ал шығыста «Ақбауыр» тарихи кешенінің аумағы абаттандырылды. Жетпіске жуық адам аспан астындағы мұражай маңындағы қоқысты теріп, жол бойын арамшөптен тазартты. Өйткені бұл жерден жыл он екі ай адам үзілмей, алыс-жақыннан туристер тастағы таңбаларды тамашалауға келеді.
Маңғыстауда экоакцияға Мұнайлы ауданы Қызылтөбе елдімекеніндегі жаңа мектеп ұжымы да үлес қосты. Қыркүйекте есігін айқара ашатын білім ошағының айналасы тазаланды. Акция басталғалы сенбілікке тұрақты қатысып келе жатқан ұстаздар қауымы 70-ке жуық көшет отырғызған.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Домбырадан эстрадаға дейін: Айзат Қарабекова ұлттық өнерді сахнада таныстырады
23.09.2026, 12:26
Қазақстанда AI MONTH 2026 басталады
23.09.2026, 10:24
Азия ойындарының жеңімпаздары елге оралды
23.09.2026, 10:08
Трамп Иранмен бейбіт келісім жасалуы мүмкін екенін мәлімдеді
23.09.2026, 10:08
Азиада: Спортшылар 4 медаль жеңіп алды
23.09.2026, 10:06
Қазақстан делегациясы БҰҰ 81-сессиясына қатысып жатыр
23.09.2026, 10:05
Құрылтай отырысы басталды
23.09.2026, 10:05
Түркияда жасөспірім оқушыларға оқ атып, 11 адам жараланды
23.09.2026, 10:04