Атыраулық оқушылар шығыстағы лагерьлерде демалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атыраулық оқушылар шығыстағы лагерьлерде демалды

15.08.2024

Алпысқа жуық атыраулық оқушы жазғы демалыстарын шығыста өткізіп жатыр. Олдардың барлығы да көктемде үйлерін су басқан отбасылардың балалары. Олар таудың таза ауасымен тыныстап, шығыстағы тарихи орындарын аралады.

Атыраулық оқушыларға Алтайдың биік таулары мен күркіреп аққан өзендері бәрі таңсық. Сондықтан алыстан келген оқушылар демалыстарын негізінен саяхатпен өткізіп жатыр.

Әділ Нұрымұлы, 7-сынып оқушысы:

Біздің демалысымыз өте қызық өтіп жатыр. Тағы да мүмкіндік болса, бұл жаққа екінші рет келер едім. Мен бұл жаққа бауырларымды,  достарымды алып келгім келеді. Табиғатын көрсеткім келеді.

Өскеменнің іргесіндегі бұл лагерьде қазір 400 оқушы жазғы демалысын өткізіп жатыр. Алпыс бала Атыраудан арнайы келген. Көктемде тасқын суға тап болған отбасының балаларын Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі шақырған. Оқушылар сурет салып, өзара спорттық жарыстар өткізіп, арасында ән айтып, күй де шертеді.

Демалыс лагерінде түрлі үйірмелер де ұйымдастырылған. Интеллектуалдық ойындарға қатысып, Алтайдың әсем табиғатын қағазға түсіреді.

Әділхан Ғизатулла, 4-сынып оқушысы:

Мұнда таулар бар. Орман. Мен оларды бірінші рет көріп жатырмын. Мен оларға қарап, сурет салдым.

Атыраулық бүлдіршіндермен бірге осы жазда шығыстағы балалардың 60 пайызға жуғы лагерьмен қамтылды. Арнайы демалыс орындарында оқушылар 10-15 тыныға алады. Оған қоса осы жазда әр мектептің жанында екі апталық күндізгі лагерьлер де жұмыс істеді.

Олжас Керейхан


Хабарламаларға жазылу