Тіршілік нәрінен тапшылық болмайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тіршілік нәрінен тапшылық болмайды

15.08.2024

Қазақстан егін суару маусымы басталғалы Сырдария өзені арқылы өзбек елінен 4 миллиард текше метр су алды. Алдағы уақытта көрші мемлекет тағы 500 миллион текше метр су жібереді. Осының арқасында оңтүстік өңірлердегі шаруалар тіршілік нәрінен тарықпайды. Көктемде Үкімет басшысының Ташкентке сапары кезінде бұл мәселе пысықталған еді. Су ресурстары және ирригация министрі келісім бойынша жарты жылда диқандар 3,7 миллиард текше метр су алуы тиіс деген. Бұл меже 4 айда орындалды. Бүгінде Шардара су қоймасынан Сырдария өзеніне 4,5 млрд текше метр су жіберілді. Бұл былтырғымен салыстырғанда 1 млрд текше метрге артық. Мұның шарапаты Арал өңірінің халқына да тиіп отыр. 600 миллион текше метрге жуық су Солтүстік Арал теңізіне құйылған.

Нұржан Нұржігітов, ҚР Су ресурстары және ирригация министрі:

Екі мемлекеттің басшыларының тапсырмасына сәйкес су бөлу мен трансшекаралық өзендерді, Сырдария өзенін тиімді пайдалану мәселесі бойынша келісімшарт жобасын дайындадық, көптеген баптары бойынша келісімге келдік. 

Базаркүл Отыншиева


Хабарламаларға жазылу