Ақтөбе облысында тыйым салынған аумақтарда шомылатындар көп - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысында тыйым салынған аумақтарда шомылатындар көп

15.08.2024

Ақтөбе облысында жаз басталғалы 12 адам суға кетіп, қайтыс болған. Оның алтауы – бала. Сондықтан Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары тұрғындарға рұқсат етілмеген аумақтарда суға шомылудың қауіпті екенін ерекше әдіспен ескертуді қолға алды. Яғни жағажайларға ол аумақта қанша адам қайтыс болғаны туралы ақпарат жазылған тақтайшалар іліне бастады.

Мамандардың айтуынша, бұл мәліметтер адамдарды ойландыруы тиіс. Қазір облыс аумағындағы су айдындарында төрт жүзге жуық құтқарушы кезекшілік етіп жүр. Сондай-ақ полицейлер мен еріктілер де жұмылдырылған. Естеріңізге салсақ, өңірде соңғы қайғылы оқиға Әйтеке би ауданында болған еді. Бір мезетте ересек адам мен үш бала суға батып кетті.

Жанболат Төлепбергенов, ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері:

Біздің ақпаратқа көбі құлақ аспайды. Сол себепті оқыс оқиғалар тіркеліп жатады. Сол себепті тағы бір жеткізу әдісі осы - тақтайшалар. 

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу