Петропавл тұрғыны 10 жылдан бері тастан қамал салып, үйінің ауласын безендірумен айналысып келеді
Петропавл тұрғыны 10 жылдан бері тастан қамал салып, үйінің ауласын безендірумен айналысып келеді. Анвар Файзулин бастапқыда бекіністі биік жардың жиегіндегі тастар құламасын деп қашағанын айтады. Зейнеткер әдемі композиция пайда болғанда ісін жалғастыра беруді ұйғарған. Уақыт өте жан-жағына ағаш пен гүл еккен. Көне Еуропаның ғимараттарының шағын көшірмесін жасауға шеберге немерелері де қолғабыс етеді. Қазір, ерекше нысанға туристер де қызығушылық таныта бастаған.
Анвар Файзуллин, шебер:
Бұл ата-анамның шаңырағы. Осында туып-өстім. 2014 жылы ұлым үйіміздің жанынан жер алды. Оның биік жардың жанында тұрғаны алаңдатты. Сондықтан осындай қамалдар салдым. Жасыл желек оған ерекше көрік беріп тұр. Келіп көремін деген азаматтарға есігіміз әрдайым ашық.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия пара ойындарында спортшыларымыз тағы төрт алтын алды
21.10.2026, 13:15
Амандасу әдебі – ұлттық мәдениеттің көрінісі
21.10.2026, 13:13
Жетісу облысының Көксай ауылында жаңа мектеп ашылды
21.10.2026, 13:12
Ақтөбе облысындағы Қарауылкелді теміржол вокзалы жаңартылды
21.10.2026, 13:10
Астанада кейбір үй балкондарына ту ілді
21.10.2026, 13:08
Парижде коменданттық сағат ұзартылды
21.10.2026, 13:07
Ресейде демографиялық дағдарыс күшейіп барады
21.10.2026, 13:05
Қазақстан ТүркПА елдеріне арналған Цифрлық кодексті әзірлеуді ұсынды
21.10.2026, 13:04