Қатерлі ісікке қарсы қазақстандық препарат сынақтан сәтті өтті
Қазақстан ғалымдары жасаған қатерлі ісікке қарсы препарат клиникалық сынақтың бірінші кезеңінен сәтті өтті. Зерттеуге 15 науқас қатысқан. Нәтижесі жаман емес, - дейді қазақстандық-америкалық биолог Дос Сарбасов. Оның айтуынша, «DVC» деп аталатын дәрінің арқасында обырдың 4-сатысына шалдыққан адамның ісігі 30 проценке дейін кішірейген. Қазір сынақтың екінші кезеңі басталды. Онкологтар бұл зерттеуге 60 емделушіні ұсыныпты. Ғалымдар Назарбаев университеті базасындағы зертханада ракқа қарсы препараттың клиникалық зерттеуін жалғастырып жатыр. Жалпы дәрі химиялық терапия кезінде айықпас дерттің 3-4 дәрежесінде қолданылады. Мақсат - ісіктің жайылуымен қатар өсуін де тежеу.
Дос Сарбасов, ғалым:
Ең алдымен біз препараттың аз дозасын сынауға рұқсат алдық. Ол 0,15 грамм болатын. Алайда бұл ешқандай тиімділік көрсеткен жоқ. Былтыр қарашадан бастап сынақта орташа 0,3 грамм дозаны қолданып жатырмыз. Дәріні қолданған топтағы 6 науқастың жағдайы бірқалыпты болды, ісік өспеді. Деседе, бұл соңғы нәтиже емес. Қазір бізге адам көтере алатын максималды дозаға өту керек. Біргедікте рак клеткасын жоюмыз қажет.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Білім сапасы жақсарса, ұлттық бәсеке қабілеті арта түседі»
09.09.2026, 00:42
90 жастағы қария темірден түйін түйеді
08.09.2026, 21:16
Жаңа оқу жылында 57 мектеп ашылды
08.09.2026, 20:15
Енді мұғалімдерге сабақ сағатын ЖИ бөледі
08.09.2026, 20:14
Елдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақты
08.09.2026, 20:13
Әлем жаңалықтарына қысқаша шолу
08.09.2026, 20:12
Экономика өсіп келеді: ЖІӨ 70,9 трлн теңгеге жетті
08.09.2026, 20:10
Қазақстандықтар микронесие алуды азайтты
08.09.2026, 20:09