Мемлекет басшысы Шахтер ауылына барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Шахтер ауылына барды

14.08.2024

Қасым-Жомарт Тоқаев Нұра ауданы Шахтер ауылындағы бірқатар әлеуметтік нысанды аралап көрді. Мұнда мектеп, балабақша, мәдениет үйі, спорт кешені, тіпті бассейн бар. Кешенде Мұзбел, Егінді және Байтуған ауылдарының балалары шынығады. Президент түрлі бизнес жобаларды іске асырып, ауданда спорт пен өнерді дамытуға қолдау көрсетіп келе жатқан шаруа қожалығының басшысының еңбегін атап өтті. Георгий Прокоп ауылға жыл сайын 200 млн инвестиция салады. Қасым-Жомарт Тоқаев халық оркестрінің ұжымымен әңгімелесіп, оларға шығармашылық табыс тіледі.

Елдімекенде қазір мыңнан астам адам тұрады. 245 тұрғын шаруашылықта еңбек етеді. Дәнді-дақылдар, бұршақ, картоп егумен айналысады. Ауылға қаладан жұмыс іздеп келгендер де бар.

Жандиль Мұстафа, «Шахтерское» ЖШС бас инженері:

Бірақ, енді дәл осындай ауылға көшу ол үлкен мүмкіншілік болды. Осында енді қаладан кем тұрмаймыз. Ақша жағынан да, ауылды көріп тұрғандай көркеюіне де өзіміздің үлесімізді қосудамыз.

Айя Мүтәлі


Хабарламаларға жазылу