Халық үстінен шағымданған полицейлер сынақтан өтуі мүмкін
Тәртіп сақшыларының күнделікті жұмысын қадағалап, қызмет барысында әдеп ережелерін үнемі сақтауын бақылауға септігін тигізетін пилоттық жоба ұсынылып отыр. Ол үшін қолданыстағы заңға өзгерістер енгізу қажет. Бұл жобаның тиімділігі қандай, оны ұсынып отырған кім?
Енді халық шағымданған полицейлер сынақтан өтеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің дерегінше, Халықтың полицияға сенімін арттыру үшін құқық қорғау органдары пилоттық жобаны іске қосуды ұсынған. Бүгінде оны тұрақты бекіту үшін «Кейбір заңнамалық актілерге кәсіби парасаттылыққа тестілеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ілеспе заң әзірленіп жатыр. Тестілеу 3 бағытқа бөлінеді. «А» санаты - халыққа көрсетілетін сервистің сапасын бағалау. «B» санаты бойынша - құқықтық актілерге сәйкес қызметтік рәсімдер мен міндеттердің сақталуын бағалау, «С» санаты бойынша - қызметтік әдеп талаптарының сақталуын бағалау. Тексеріс барысы қалай жүреді десек, полицейлердің күнделікті жұмысы барысында сынақ қатар жүруі мүмкін. Яғни тест нақты қай күні, қалай болатынын білмегендіктен қызметте жүрген сақшы әр қадамына мұқият болуы шарт, - дейді мамандар. Әуелі бұған дейін шағым түскен немесе қызметтік ережені бұзған полицейлер тексерістен өтеді. Алайда пилоттық жоба барысында сынақтан өте алмаған қызметкерлер жазаға тартылмайды. Ал егер бұл өзгерістер заңмен бекітілсе, сынақтан сүрінген сақшы қызметімен қош айтысуы да мүмкін. Бұл шаралар құқық қорғау органдарындағы сыбайлас жемқорлықты азайтуға септігін тигізеді деп санайды жобаны ұсынушылар. Ұсынылып отырған өзгерістер жария талқылау үшін «Ашық НҚА» порталына жүктелген.
Парламент Заң жобасын жыл соңында талқылайды деген жоспар бар.
Динара Жарқынбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Туған үш ағайынды бір әскери бөлімде борышын өтеуде
02.05.2026, 20:08
Қауіпсіздігі жоғары композиттік газ баллондары өндіріледі
02.05.2026, 20:07
Балық аулауға уақытша тыйым салынды
02.05.2026, 20:05
Нөсер жауыннан өзендер тасып, екі көпірді шайып кетті
02.05.2026, 20:05
Қазақстан ғарышты игерудің жаңа дәуіріне қадам басты
02.05.2026, 20:04
Халықаралық келіссөз: Польшада ұсталған қазақстандық бостандыққа шықты
02.05.2026, 20:02
Қазақ тазысы 2035 жылы әлемдік деңгейде мойындалуы мүмкін
02.05.2026, 20:01
Павлодарда «Бірге еккен бір ағаш» экологиялық акциясы өтті
02.05.2026, 18:49