«Қазатомөнеркәсіп» өңірлерді дамытуға 3,5 миллиард теңгеден астам қаржы бөлген
Елімізде жыл басынан бері 11 мың тонна уран өндірілген. Ал өнімді сату көрсеткіші 8 мың тоннаға жуықтаған. Бұл туралы Мемлекет басшысының қабылдауында болған «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов айтты. Кездесуде басқарма төрағасы минералды-шикізат базасын нығайту және толықтыру бағытында жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы мәлімет берді. Сондай-ақ ұлттық компанияның геологиялық барлау активтерінің портфелін одан әрі кеңейту жоспары туралы баяндады.
Мейіржан Юсупов,«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ басқарма төрағасы:
Үстіміздегі жылдың бірінші жарты жылдығында компаниямыздың су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге көрсеткен көмекті қоса алғанда өңірлерді әлеуметтік дамытуына 3,5 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінді. Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев геологиялық барлау және ресурстық базаны толықтырудың маңыздылығын атап өтті және бұл бағыттағы жұмысты жалғастыруды айтып, бірқатар тапсырма жүктеді.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент: Қазақстан Еуропалық Одақпен ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге дайын
22.06.2026, 20:23
Дәрігер: Қазір балалардың сүйегі әлсіз
22.06.2026, 20:17
ӘЧ: Кабо-Верде тағы да сенсация жасады
22.06.2026, 20:16
Орман алқаптарында күзет күшейтілді
22.06.2026, 20:14
Аптап ыстықта өзен-көлдерде бақылау күшейтілді
22.06.2026, 20:12
Еуропаның бірнеше мемлекеті аптап ыстықтан зардап шегіп отыр
22.06.2026, 20:10
Елде апта бойы 42 градусқа дейін ыстық болады
22.06.2026, 20:08
Әл-Фарабидегі жол апаты: Александр Пак 10 жылға сотталды
22.06.2026, 20:06