Шетелдік сарапшы: АЭС-Энергия алудың ең қауіпсіз жолы
«АЭС – энергия алудың ең қауіпсіз әрі арзан тәсілдерінің бірі». Қазақстанның Атом станциясын салу жоспарына қатысты «Ховенес Нуклеарис» ядролық қауымдастығының өкілі Хесус Саиз дэ Оменьяка Тихеро осылай деп Испанияның тәжірибесімен бөлісті. Шетелдік сарапшының айтуынша, Испан үкіметі ондаған жылдар бойы АЭС арқылы 47 млн халықты қуат көзімен қамтамасыз етіп келеді. Бұл – елде өндірілетін электр қуатының 20 пайызы. Атом электр станциясы – айналаға парниктік газ бөлмейді, экологияға еш зиян келтірмейді. Бұл жоба экономикаға да оң әсер етеді, - дейді сарапшы.
Хесус Саиз дэ Оменьяка Тихеро, «Jovenes Nucleares» ядролық қауымдастығының өкілі:
Испанияның энергетикалық кешенінде ядролық энергия маңызды рөл атқарып келеді. Елде 7 атом реакторы бар. Олар қоршаған ортаға зиян тигізбей электр қуатын өндіруге зор үлес қосады. Испания 2035 жылға қарай АЭС-тен бас тартқалы жатыр. Бірақ, бұл саяси шешім. Үкімет қайта жаңартылатын энергия көздеріне басымдық бермек. Бұл идея арқылы 47 млн адамды энергиямен толық қамту мүмкін емес. Бұл жағын ескермеген. Ең жақсы жолы – ядролық энергетика дер едім.
Сондай-ақ, Ядролық энергетикаға қатысты тәжірибемен бөлісу – екі елдің атомдық өнеркәсібін дамытуға зор үлес қосады, - дейді маман. Әуелі жастардың білімін арттыру маңызды екенін де атап өтті. Екі мемлекеттің жастары өзара білім алмасса, келешекте бұл салаға зор үлес қосады.
Хесус Саиз дэ Оменьяка Тихеро, «Jovenes Nucleares» ядролық қауымдастығының өкілі:
Мысалы, бірлескен зерттеу жүргізу, жобаларды қолға алу, конференциялар өткізу, екі ел арасында студенттер алмасу бағдарламаларын ұйымдастыруға болады. Сонымен бірге, ядролық энергетиканы дамытуды қолдауға қатысты ортақ жиындар өткізу керек. Бірлескен зерттеу жобаларын жүзеге асыру да маңызды. Мұның барлығы қос мемлекет жастарының ынтымағын арттырады.
Динара Жарқынбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Туған үш ағайынды бір әскери бөлімде борышын өтеуде
02.05.2026, 20:08
Қауіпсіздігі жоғары композиттік газ баллондары өндіріледі
02.05.2026, 20:07
Балық аулауға уақытша тыйым салынды
02.05.2026, 20:05
Нөсер жауыннан өзендер тасып, екі көпірді шайып кетті
02.05.2026, 20:05
Қазақстан ғарышты игерудің жаңа дәуіріне қадам басты
02.05.2026, 20:04
Халықаралық келіссөз: Польшада ұсталған қазақстандық бостандыққа шықты
02.05.2026, 20:02
Қазақ тазысы 2035 жылы әлемдік деңгейде мойындалуы мүмкін
02.05.2026, 20:01
Павлодарда «Бірге еккен бір ағаш» экологиялық акциясы өтті
02.05.2026, 18:49