Жерорта теңізінде 44 мигрант құтқарылды
Жерорта теңізінен 44 мигрант құтқарылды. Жағалау күзеті олар мінген қайықты Италияның Лампедуза аралының оңтүстік жағалауынан байқаған. Құтқарылған шетелдіктер арасында әйелдер мен балалар бар. Олар қауіпсіз жерге жеткізілді. Италияда заңсыз миграциямен күрес мәселесі өткір тұр. Бұған қатысты ел Албаниямен келісім жасаған еді. Оған сай Италияға бет алған мигранттар алдымен Албаниядағы уақытша ұстау лагерлеріне жіберіледі. Бұл орталықта оларға пана беру немесе өз елдеріне қайтару мәселелері шешіледі. Яғни, мигранттардың құжаттарын рәсімдеу жеңілдейді. Алайда көпшіліктің сынына ұшыраған келісім әлі күшіне енген жоқ.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлытауда үш ғарышкер Жезқазған маңына қонды
27.07.2026, 10:12
Франция мен Испанияда 330 мыңнан астам адам эвакуацияланды
27.07.2026, 10:11
Атырауда екі дәрігерлік амбулатория ашылады
27.07.2026, 10:08
Түркияда үйлерді су басты
27.07.2026, 10:05
Дональд Трамп пен Си Цзиньпин кездеседі
27.07.2026, 10:03
Қазақстан мен Татарстан арасындағы тауар айналымы 946 миллион долларға жетті
27.07.2026, 10:02
Қазақстан – Ресей: Логистиканың жаңа кезеңі
27.07.2026, 10:00
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07