Ресейдің 15 өңірінде орман өрті дес бермей тұр
Ресейдің 15 өңірінде орман өрті дес бермей тұр. 40 мың гектар орманды шарпыған. Әсіресе, Иркуткск, Томск, Самара өңірлері мен Бурятия, Алтай республикаларында жағдай мәз емес. Өртті сөндіруге 3000-нан астам маман, 400-ге жуық техника жұмылдырылды.
Осы жылдың алғашқы алты айында іргелес елде қызыл жалыннан 1,2 млн гектар жер жойылған. Мамандар, биыл орман өрті өткен жылдармен салыстырғанда екі есе көп болатынын айтады. Жыл басынан бері өрттің тұтануына себепші болған 2 мыңнан астам адам айыппұл арқалады.
Мирослав Пивень, Ресей ТЖМ Самара облысы бойынша бас басқармасы баспасөз қызметінің басшысы:
Тек Самара облысында бірнеше күнде аумағы 5 мың гектар жерден асатын төрт орман өрті тіркелді, сондай-ақ мамандар аумағы бір мың гектардан асатын 37 өртті өшірді. Қызыл жалынның тарауына құрғақ шөптің жануы себеп болған.
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Алтын виза» кімдерге беріледі?
10.05.2026, 19:49
Дәрі-дәрмек нарығындағы ұрлық: 3,7 млрд теңгені жымқырған компанияны әшкереленді
10.05.2026, 19:48
Автосақтандыру жүйесіне қандай өзгеріс енгізіледі?
10.05.2026, 19:46
ШҚО-дағы шахтада бір жұмысшы қаза тапты
10.05.2026, 19:44
Шығын бар, кіріс қандай? Цифрлық саланың экономикаға пайдасы
10.05.2026, 19:40
Президент әскери және күштік құрылым қызметкерлеріне мемлекеттік марапат және әскери шен тапсырды
10.05.2026, 19:38
Мәжіліс төрағасы Талғат Бигелдиновтің рухына тағзым етті
09.05.2026, 12:30
Сенат Төрағасы даңқты батыр Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойды
09.05.2026, 12:06