Бүгін Астана әуежайында 10-нан астам рейс кешікті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Астана әуежайында 10-нан астам рейс кешікті

10.08.2024

Астана әуежайында бүгін 10-нан астам рейс кешігіп, жолаушылар жолынан қалды. Келеңсіздікке тап болғандардың қатарында Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек те бар. Ол оқиға орнынан желіге видео жариялап, Air Astana әуе компаниясының президенті Питер Фостердің жолаушылар алдына әрең шыққанын жеткізді.

Уақытында діттеген жеріне жете алмаған депутат енді рейсті кешіктіретін әуе компанияларына айыппұл көлемін арттыруға кірісетінін жеткізді. Осы мақсатта әуежайлардың жұмысын реттейтін заңға өзгеріс енгізбек.

Ал Air Astana әуе компаниясы Астана-Алматы бағытындағы рейстің 9 сағатқа кешігуін ұшақтың зақымдалуымен түсіндірді. Сондай-ақ әуе компаниясының 4 ұшағы бұзылып, оған жөндеу жүргізіліп жатыр. Бұл ұшақтарға бұған дейін Астанада жауған бұршақ зақым келтірген. Air Astana әуе компаниясы барлық қолайсыздық үшін жолаушылардан кешірім сұрап, мәселені тез арада шешетіндерін жеткізді.


Самал Қабышева

Хабарламаларға жазылу