Парижде ұлы Абайдың есімі ұлықталды
Франциядағы қазақтар да ұлы Абайды еске алды. Қазақстанның Франциядағы елшісі, Туризм және спорт министрлігі мен Париждегі қазақ диаспорсының өкілдері Абай Құнанбайлының бюстіне гүл шоқтарын қойды.
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Біз дәл қазір Париждегі Ақындар саябағында тұрмыз. Мұнда 2021 жылы желтоқсанда Абайдың бюсті орнатылған еді. Бүгін ұлы ақынның туған күніне орай салтанатты шара өтір жатыр. Қазір ескерткішке гүл шоқтары қойылды, сондай-ақ ақынның өлеңдері шырқалды.
Айта кету керек, бұл - Ұлы Абайдың Франциядағы екінші ескерткіші. Алғашқы ескерткіш 2016 жылы Ренн қаласында ашылған еді. Мына біз тұрған Ақындар саябағында негізінен француз әдебиетінің көрнекті өкілдерінің ескерткіштері орнатылған. Шетелдік ақындардан тек Абай мен Пушкиннің ескерткіші бар. Бұл Абайдың тек қазақ халқы үшін ғана емес, әлем әдебиеті үшін орны ерек тұлға екенін ағартады.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жаңа Конституция: 1 шілдеден бастап не өзгереді?
18.03.2026, 17:40
Наурызнама: Отан отбасынан басталады
18.03.2026, 17:37
Жастар жөніндегі Ұлттық баяндама жобасы талқыланды
18.03.2026, 17:36
Юджи: Қазақ-жапон бір туған
18.03.2026, 17:35
Қарағандыда дрондар бауырсақ таратып жүр
18.03.2026, 17:32
Мектептерде сабақ домбыра шертуден басталды
18.03.2026, 17:30
Наурызнама: Ұлттық киім – ұлт айнасы
18.03.2026, 17:28
Атырауда 4 мыңдай адам қазақы киініп шықты
18.03.2026, 17:26