Алматыда «Абай әлемі» концерт-спектаклі өтті
Абай күнін атап өту – ұлттық мәдениет пен руханиятқа, ақындар мен жазушыларға, абайтанушыларға деген үлкен құрмет. Алматыдағы «Алатау» дәстүрлі өнер театрында «Абай әлемі» концерт-спектаклі өтті.
Абайдың өмір жолынан сыр шертетін концерттік спектакльде жас Абай, күрескер Абай, дана Абайдың үш бейнесі сомдалды. Есімі күллі әлемге мәшһүр Хакім Абайды сахнаға бейімдеп, көрерменге ұсынған режиссер – Фархад Молдағали. Кеште ақынның 20-дан астам әні жанды дауыста шырқалды. Ұлық тұлғаның ұлы бейнесін елімізге танымал сахна саңлақтары Болат Әбділманов пен Ерлан Біләл сомдады.
Болат Әбділманов, актер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:
Әлемнің ғалымдары Абайды Конфуцийдан да жоғары қояды. Өйткені сол Конфуциймен Қытай ұлы мемлекетке айналып отыр. Адамдықтың қарызы үшін қазіргі жастарымыз білімге, еңбекке, ғылымға қарай ұмтылып, елін, жерін қорғап, өзінің патриоттық сезімдерін оятып, осының бәрі адамдықтың қарызы деп есептеледі.
Фархад Молдағали, режиссер:
Көрерменге ауыр салмақсыз демалыс сыйласақ, Абайдың өлеңдерін, өсиеттерін, әндерін қайтадан бір құлағымызда, миымызда жаңғыртсақ деген ниетпен жасалған дүние.
Айдана Қуантхан
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Цифрлық мүмкіндік пен спорттық шеберлік тоғысқан дода
22.07.2026, 20:32
Олимпиада-2028: Билеттердің ресми сатылымы басталды
22.07.2026, 20:30
Жетісу облысында шаруалар қысқы мал азығын қамдап жатыр
22.07.2026, 20:24
Маңғыстауда Шетпе теміржол вокзалы бастан-аяқ жөнделіп, қайта ашылды
22.07.2026, 20:24
Астанада «4739» деректі фильмінің премьерасы өтті
22.07.2026, 20:23
110 гектар алқапқа апорт көшеттері әзірленіп жатыр
22.07.2026, 20:21
Шымкентте мағыналы муралдар көбейіп келеді
22.07.2026, 20:16
Ұлыбританияда жасөспірімдерге энергетикалық сусын сатуға тыйым салынады
22.07.2026, 20:10