Түрікменстан Президенті Қ.Тоқаевты өз еліне ресми сапармен келуге шақырды
Мемлекет басшысы Түрікменстан президентімен кездесті. Қасым-Жомарт Тоқаев Сердар Бердімұхамедовке саммит жұмысына қатысқаны үшін алғыс айтты. Түрікменстан басшысының бұл сапары екі ел арасындағы көпжақты серіктестікті ілгерілету тұрғысынан маңызды, - деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Қазақ-түрікмен қарым-қатынасы табысты дамып келеді. Көпқырлы мемлекетаралық байланыстарымызға қолдау көрсеткеніңіз және оны үнемі нығайтуға атсалысқаныңыз үшін Сізге ризашылығымды білдіремін. Үкіметтер өзара сауда көлемін 1 миллиард долларға жеткізу үшін жұмыс істеп жатыр. Энергетика, өнеркәсіп, көлік, логистика және басқа да салалардағы бірқатар жобалар жүзеге асыру сатысында тұр. Мәдени-гуманитарлық байланыстарды арттыруға да қолайлы жағдай жасалған.
Сердар Бердімұхамедов, Түрікменстан Президенті:
Түрікменстан Қазақстанмен ынтымақтастыққа баса мән береді. Елдеріміз арасында белсенді саяси диалог орнаған. Сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы байланыстар жандануда. Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз биыл күзде Түрікменстанға ресми сапармен келесіз деп күтемін. Сондай-ақ Мақтымқұлы Пырағының 300 жылдық мерейтойына арналған халықаралық форумға қатысуға шақырамын.
Қаракөз Тұрмағанбет
Автор
Қаракөз Тұрмағанбет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29
Алматыда оңалту саласындағы жаңа технологиялар таныстырылды
23.10.2026, 20:29
ҚазҰУ экологиялық шара ұйымдастырды
23.10.2026, 20:28
Республика күніне тарту: MEGA-да тарих сахналанады
23.10.2026, 20:26
ШҚО-да өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды
23.10.2026, 20:25
Ақтөбеде Мемлекеттік наградалар табысталды
23.10.2026, 20:23
Іле ауданында Республика күні аталып өтті
23.10.2026, 20:21