Париж-2024: Бүгін жерлестеріміз спорттың 5 түрінен бақ сынайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Париж-2024: Бүгін жерлестеріміз спорттың 5 түрінен бақ сынайды

09.08.2024

Жартасқа өрмелеуден Әмір Маймұратов Олимпиаданың ширек финалында сүрінді. Ол әлем чемпионы, жазғы Азия ойындарының екі дүркін жеңімпазы ирандық Реза Әлипурмен сынға түсіп, жеңіліп қалды. Жерлесіміздің уақыт көрсеткіші 6.14 секунд. Естеріңізде болса, іріктеуде биіктікті 4.89 секудта бағындырып, Олимпиада рекордын жаңартқан еді. Бұл жолы, өкінішке қарай, жолы болмады. Еркін күресте 57 келіде күрескен Мейрамбек Қартбай бірінші айналымда қырғыз балуанына есе жіберді. Қарсыласы финалға шыға алмағандықтан Мейрамбек үшін ойындар аяқталды. Ал 86 келі салмақта күрескен Азамат Дәулетбеков болса, жұбаныш белдесуін күтеді.

Айта кету керек, бұл Азаматтың алғашқы Олимпиадасы. Сондай-ақ заманауи бессайыстан жерлестеріміз іріктеу бәсекелеріне қатысты. 200 метрге коноэде есуден жарысқа қатысқан Мария Бровкова жартылай финалға өте алмады. Ол өз тобында 4-орын алды.

Бүгін Париж Олимпиадасында қазақстандық спортшылар таэквондо, еркін күрес, байдарка мен каноэде есу, қазіргі бессайыс және жеңіл атлетика секілді 5 жарыс түрінен бақ сынайды.

Айта кетсек, Олимпиаданың он үшінші жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 3 күміс, 3 қола жүлде бар.


Нұрсұлтан Тілектес, Жандос Темірғали

Хабарламаларға жазылу