Ұлыбританияның қалаларында нәсілшілдікке қарсы шеру өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбританияның қалаларында нәсілшілдікке қарсы шеру өтті

08.08.2024

«Нәсілдік алаулаушылыққа қарсымыз, мигранттарды қолдаймыз». Ұлыбританияның қалаларында нәсілшілдікке қарсы шеру өтті. Олар осылайша, өткен аптада мұсылмандар мен мигранттарға қарсы шыққан әсіре оңшыл топтардың әрекетіне наразылық танытты. Корольдікте жағдай Саутпорт қаласында үш қыздың қасақана өлімінен кейін ушықты.

Марқұмдарға мұсылман дінін ұстанатын жасөспірім шабуыл жасаған деген жалған ақпарат тараған. Кейін қылмыскер христиан дінін ұстанатын Британия азаматы екені белгілі болды. Фейк ақпараттан кейін елде мигранттарға қарсы зорлық-зомбылық, шабуыл жиіледі. Тәртіпсіздіктер кезінде 430-жуық адам ұсталды. Олардың 100-ден астамына айып тағылған. Қазір елдің бірқатар қаласында көшедегі тәртіпті мыңдаған полицей қадағалап жүр.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу