8 адамның өліміне себепші болған жол апаты: Екі бірдей қылмыстық іс қозғалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

8 адамның өліміне себепші болған жол апаты: Екі бірдей қылмыстық іс қозғалды

08.08.2024

Ақтөбе облысында 8 адамның өліміне себепші болған жол апатына қатысты екі бірдей қылмыстық іс қозғалды. Біріншісі адам өліміне әкеліп соқтырған жол қозғалысы ережелерін бұзу дерегі бойынша тергеу басталды. Жүк көлігінің жүргізушісі қамауға алынды.

Естеріңізге сала кетейік кеше Әйтеке би ауданының Қарашатау ауылынан шыққан Toyota Estima көлігі Хромтау қаласының маңында жүк көлігіне соғылып, бес бала мен үш ересек адам қаза тапты. Олар Маңғыстау облысының Ақұшқыр ауылында жексенбі күні өтетін футбол турниріне бара жатқан.

Спорттық шараның өтетіні туралы құзырлы мекемелерге хабарланбаған. Турнирді ұйымдасырушы -  «Арман ауыл» жеке қоры. Енді құзырлы органдар балалардың қауіпсіздігін қамтамассыз етпеген тұлғаларға қатысты қылмыстық іс қозғады.

Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу