Бапкер: Демеуге финалда сәттілік жетіспеді
Демеуге финалда сәттілік жетіспеді. Спортшыны қолдауға келген қос бапкері де осылай дейді.
Қонаев қаласындағы орталық саябаққа жиналғандар қарасы қалың. Бәрі Демеудің финалдағы ойынын көруге асығып келген. Олардың ішінде спортқа баулыған алғашқы бапкері Жұмахан Тұрғамбаев та бар. Шәкірті үшін шырылдаған ұстаздың кеш бойы жанарынан жас кетпеді. Алайда, Жадыраев жапон балуаны Нао Кусакамен белдесуде есе жіберді. Жарыс соңында тақымын қысып, толқып отырған ақсақал «Демеу – менің үмітімді ақтады»,- деді.
Берік Жапсарбай, Демеу Жадыраевтың бапкері:
Еңбек етті қаншама жыл. Сондықтан сол еңбегін көріп отыр деп ойлаймын. Жиырма үш жыл еңбегі. Оның арғы жағында спортпен шығылданған күндері болды ғой. Физикалық, іс-әрекет, техникалық жағынан да барлық жағынан келіп тұрды. Бірақ, кішкене сәттілік болмады.
Біржан Дүйсен, жанкүйер:
Демеу ағамызға жанкүйер болып екінші күн осында келіп отырмыз. Міне, бұйырғаны екінші орын болып тұр екен. Келешек спортсмендерге де серпін береді. Қуаныштымыз!
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Спортшылар 5 медаль жеңіп алды
25.09.2026, 20:35
Қайтарылған активтер есебінен 21 нысан бой көтерді
25.09.2026, 20:32
Алматыда жыл бойы жұмыс істейтін тау курорты ашылады
25.09.2026, 20:30
Жыл сайын 3 мыңнан аса автобус пен жүк көліктері құрастырылады
25.09.2026, 20:27
Жел электр станциясы салынады
25.09.2026, 20:24
Қазақстанның инвестициялық моделі өзгеріп келеді
25.09.2026, 20:22
Қазақстан мен Қытай арасындағы іскерлік байланыстардың жаңа бағыттары
25.09.2026, 20:18
Қазақстан-Қытай инвестициялық форумы
25.09.2026, 20:16