Демеу Жадыраевқа жерлестері қолдау көрсетті
Грек-рим күресінен Париж олимпиадасына күміс медаль сыйлаған Демеу Жадыраевқа анасы және жерлестері жиналып қолдау білдірді. Панфилов ауданына қарасты Үшарал ауылына туған-туыс, көрші қолаң жиналып, аулада ине шаншар жер болмады. Финалдық жекпе-жекті жерлестерімен бірге көруге аудан басышысы мен Бейжің олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаев арнайы келді. Бір спорт алаңында бірге жаттығып, бір ауылдан олимпиадада екі күміс медаль алған екі спортшының ерлігі қазақ елі үшін үлкен мақтаныш.
Күлипа Бижанова, Д.Жадыраевтың анасы:
Қаншама тер төкті. Оңай емес, қиналды. Қиналмады емес, спортсмендердің бәрі қиналады. Оны өзім де білем. Аллаға шүкір бағы жанып осы орынды алып қуанып жатырмыз. Қуанышымызға туысқан-туған, жекжат-жұрағат жан жақтан бәрі телефонмен звондап қуанып жатыр.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Спортшылар 5 медаль жеңіп алды
25.09.2026, 20:35
Қайтарылған активтер есебінен 21 нысан бой көтерді
25.09.2026, 20:32
Алматыда жыл бойы жұмыс істейтін тау курорты ашылады
25.09.2026, 20:30
Жыл сайын 3 мыңнан аса автобус пен жүк көліктері құрастырылады
25.09.2026, 20:27
Жел электр станциясы салынады
25.09.2026, 20:24
Қазақстанның инвестициялық моделі өзгеріп келеді
25.09.2026, 20:22
Қазақстан мен Қытай арасындағы іскерлік байланыстардың жаңа бағыттары
25.09.2026, 20:18
Қазақстан-Қытай инвестициялық форумы
25.09.2026, 20:16