Маңғыстауда діни ілімді заңсыз үйреткен пансионаттар анықталды
Маңғыстауда балаларға заңсыз діни білім берген 5 пансионат анықталды.
Оның екеуі Мұнайлы ауданында, қалғандары Түпқараған ауданы, Жаңаөзен мен Ақтау қаласында орналасқан. Пансионаттар қайырымдылық мекемелері ретінде ашылып, заңсыз қызмет көрсетіп келген. Ұйымдарда санитарлық, өрт қауіпсіздігі, еңбек заңнамалары да сақталмаған. Тексерулер нәтижесінде оларға қатысты 11 әкімшілік хаттама толтырылып, 1 миллион 300 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Прокурорлардың талап-арыздары бойынша сот шешімімен пансионаттардың барлығы да жабылды.
Бағдат Карленов, Маңғыстау облысы прокурорының аға көмекшісі:
Діни әдебиеттерді пайдаланғаны, діни мағлұматтарды үйреткені анықталды. Ол жерде діни кітаптар анқыталып, олар тәркіленді. 50-ге жуық бала тәрбиеленгені анықталды. Сондай-ақ олардың ата-аналары әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 127-бабымен жауапқа тартылды.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: Каратэшілер 5 медаль ұтты
22.09.2026, 13:21
Алакөл жағалауына қуатты электр желісі тартылып жатыр
22.09.2026, 13:12
Ресей қатерлі ісікке қарсы бірнеше вакцинаны сынауда
22.09.2026, 13:09
Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді
22.09.2026, 13:06
Неміс автоконцерні төрт зауытты жабуды жоспарлап отыр
22.09.2026, 13:03
Рөлін сол жаққа ауыстырып алған көлікпен жолаушы тасуға болмайды
22.09.2026, 13:00
Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді
22.09.2026, 12:34
Ақсу шатқалында көру алаңы ашылды
22.09.2026, 10:07