Париж-2024: Бүгін екі спортшымыз алтынға таласады
Бүгін екі бірдей спортшымыз Париж Олимпиадасында «Алтынға» таласады. Бокстан 80 келі салмақ дәрежесінде Нұрбек Оралбай шешуші жарыста бақ сынайды. Сондай-ақ грек-рим күресінен 77 келі салмақта Демеу Жадыраев та финалда белдеседі. Жерлестеріміздің қарсыластары кімдер?
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Бүгін екі Алтыннан үмітіміз бар. Бокстан Нұрбек Оралбай Париж олимпиадасының финалында жұдырықтасады. Оның қарсыласы украиндық Олександр Хижняк. Хижняк - Әлем және Еуропа чемпионы, Токио олимпиадасының қола жүлдегері. Спорттық мансабында 150 жекпе-жек өткізіп, оның 133-де жеңіске жеткен. Нұрбек Оралбай да осал емес, жерлесіміз Әлем чемпионы, Азия чемпионатының қола жүлдегері. Ол 65 жекпе-жек өткізіп, оның 51-де жеңіске жеткен. Боксшымызды қолдауға Парижге Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиев арнайы келді.Ал грек-рим күресінен 77 келі салмақта жерлесіміз Демеу Жадыраевтан да алтыннан үміттіміз. Ол жапон балуаны Кусака Наомен белдеседі. Демеудің қарсыласы Азия чемпионы және Әлем чемпионатының қола жүлдегері. Жадыраевтың өзі Әлем және Азия чемпионатының күміс жүлдегері. Қос палуан да өте тегеуірінді. Сондықтан өте бір тартысты белдесудің куәсі болғалы тұрмыз.Бүгін веложарыс болады. Сондай-ақ тхэквандодан спортшымыз сынға түседі. Каноэде есуден де сайыстар жоспарланған. Бұл жарыстардың барлығы түстен кейін өтеді.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақмола облысында «Менің таза өлкем» фотобайқауы өткізілді
06.05.2026, 13:21
Каспийде алып кеме жүзетін болды
06.05.2026, 13:18
Қарағанды облысының Молодежный кентінде 15 шақырым тоқ желісін жаңартады
06.05.2026, 13:15
Абай облысының инфрақұрылымын жаңартуға ₸2,5 млрд бөлінді
06.05.2026, 13:12
Тегерандағы сауда орталығында 8 адам мерт болды
06.05.2026, 13:06
Қытайдағы жарылыс құрбандары 26-ға жетті
06.05.2026, 13:03
Президент ҚХР Төрағасына көңіл айту жеделхатын жолдады
06.05.2026, 13:00
Атырау облысында 500 орындық стадионның құрылысы аяқталмай тұр
06.05.2026, 10:34