«Таза Қазақстан»: Экологиялық акция Риддерде жалғасты
«Таза Қазақстан» республикалық акциясы Риддер қаласында жалғасты. Бұл жолы кеншілер қаласының тұрғындары Журавлиха өзенінің маңайын тазартуды қолға алған. «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына Риддер қаласы бойынша «Жасыл ел» еңбек жасағының жастары, Риддер қаласының әкімі Думан Рахметқалиев, депутаттар, 200-ден астам қала тұрғыны және еріктілер қатысты. Осыған дейін қала аумағында 30-ға жуық тазалық шарасы өтіп 10 тоннадан астам тұрмыстық қатты қалдықтар шығарылса, осы жолы қала тұрғындарымен 6 тоннадан астам қоқыс шығарылған.
Думан Рахметқалиев, Риддер қаласының әкімі:
Міне бүгін біз «Таза Қазақстан» акциясы бойынша Журавлиха өзенінен бастап қалаға дейінгі көше бойын тазалаймыз деген ниетпен шықтық. Бәрі өте жақсы. Президентіміз айтқандай «Таза Қазақстан» әрбірімізден басталады. Өте көп волонтерлар келді. Сол өте қуанышты. Аманшылық болса осы акцияны бір акциямен ғана бітірмейміз. Жұма сайын, аптасына екі рет қалаға да, қала сыртына да біраз ауылдарымыз бар соларға да шығып тұрамыз.
Ғабит Ұзақбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Наурыз: Ұлттық құндылықтар қалай дәріптеліп жатыр?
22.03.2026, 20:34
Каспий теңізінің тартылуы ел экономикасына қалай әсер етеді?
22.03.2026, 20:10
Таяу Шығыстағы қақтығыс: Сарапшылардың пікірі қандай?
22.03.2026, 20:10
Жаңа Ата заң: Қандай заңдарға өзгеріс енгізіледі?
22.03.2026, 20:05
Президент: Ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыруды қолға алған жөн
22.03.2026, 20:04
Наурыз мейрамы: Мемлекет басшысы Түркістанға жұмыс сапарымен барды
22.03.2026, 20:02
Қарағанды облысында Наурыз кең көлемде аталып өтті
22.03.2026, 11:23
Алматы облысында Наурыз мерекесі жаңа форматта тойланды
22.03.2026, 10:15