V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына билет сатылымға шықты
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу рәсіміне билет сатылымға шықты. Астанада қыркүйек айында өтетін дүбірлі доданың жарыстарына арналған электрондық билеттерді де бүгіннен бастап сатып алуға болады. Салтанатты ашылу рәсімінің құны 15 мыңнан 50 мың теңге аралығында. Ал ойындардың билеті 700 теңгеден басталады. Мектеп оқушылары мен зейнеткерлерге 50 пайыздық жеңілдік қарастырылған. 5 жасқа дейінгі балалар тегін кіре алады, алайда оларға арнап орын бөлінбейтінін айта кетейік. Ал I және II топтағы ерекше жандарға билет тегін. Билеттерді жеңілдікпен немесе тегін алғыңыз келсе, офлайн кассаларға барып, тиісті құжаттарыңызды көрсету міндетті. Жалпы, билетті үйден шықпай-ақ,онлайн сатып алуға да болады.
Қаракөз Тұрмағанбет
Автор
Қаракөз Тұрмағанбет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Спортшылар 5 медаль жеңіп алды
25.09.2026, 20:35
Қайтарылған активтер есебінен 21 нысан бой көтерді
25.09.2026, 20:32
Алматыда жыл бойы жұмыс істейтін тау курорты ашылады
25.09.2026, 20:30
Жыл сайын 3 мыңнан аса автобус пен жүк көліктері құрастырылады
25.09.2026, 20:27
Жел электр станциясы салынады
25.09.2026, 20:24
Қазақстанның инвестициялық моделі өзгеріп келеді
25.09.2026, 20:22
Қазақстан мен Қытай арасындағы іскерлік байланыстардың жаңа бағыттары
25.09.2026, 20:18
Қазақстан-Қытай инвестициялық форумы
25.09.2026, 20:16