Мергендеріміз Франциядан Қазақстанға аттанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мергендеріміз Франциядан Қазақстанға аттанды

06.08.2024

Париж олимпиадасында ел қоржынына алғаш жүлде салған Александра Ле мен Ислам Сатпаев елге жол тартты. Мергендер құрамасы Париждегі Шарл-де-Голь әуежайынан ұшаққа отырды. Оларды Туризм және спорт министрлігі мен БАҚ өкілдері шығарып салды. Еске салайық, Париж олимпиадасының алғашқы күні қос спортшымыз пневматикалық мылтықпен нысана көздеуден командалық сында қола медаль жеңіп алды. Бұл тарихи жетістік. Өйткені аталған спорт түрінен спортшыларымыз Олимпиада ойындарында 1996 жылдан бері медаль алмаған еді. Айта кету керек, нысана көздеу бойынша Париждегі байрақты бәсекеге әлемнің 82 елінен спортшылар қатысып, соның 19-ы ғана жүлде алды. Парижден жолға шыққан спортшыларымыз 7 тамыз күні Алматы әуежайына келіп қонады.

Александра Ле, нысана көздеуден Олимпиада ойындарының қола жүлдегері:

Біздің олимпиадаға келуіміздің өзі бір тарихи оқиға деп ойлаймын. Сондықтан құралақан қайтқымыз келмеді. Барымызды салып, жүлдегерлер қатарынан көрінгенімізге қуаныштымыз. Біз бұл жетістікке қазақстандықтардың қолдауының арқасында жеттік. 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін олимпиадада бұдан да жақсы нәтиже көрсетеміз деген үміттіеміз.

Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу