АЭС-тің қоршаған ортаға еш зияны жоқ - Шетелдік сарапшы
«Атом электр стансасының қоршаған ортаға ешқандай зияны жоқ. Реакторлар ауаны ластайтын қалдықтарды шығармайды». Швейцарияның ядролық құқық жөніндегі кеңесшісі, ядролық энергетика инженері Лука Таглиапиетра Ұлттық арнаға берген сұхбатында осылай деді. Саланы он саусағындай білетін тәжірибелі маман энергия тапшы заманда ешкімге тәуелді болмау маңызды екенін айтады. Ол әлем көмірқышқыл газының мөлшерін азайтуға тырысып жатыр. Бұл ретте атом электр станцияларының маңызы зор, - деді.
Лука Таглиапиетра, ядролық энергетика инженері, ядролық құқық жөніндегі кеңесші (Швейцария):
Адамдарды радиация, радиоактивті заттардың ауаға тарауы тәрізді қауіптер алаңдатады. Алайда бұл заттар тек атом электр станциясының ішінде болады, сыртқа шықпайды. Одан қауіп жоқ. Ал кездейсоқ тарайтын жағдай бола қалса, жүйе өздігінен автоматты түрде жабылады. Стансалар жылдар бойы сынақтан өткен қауіпсіздік шараларының негізінде жұмыс істейтінін атам өткім келеді. Атом электр станциялары көмірқышқыл газы мен түрлі ілеспе газдарды ауаға шығармайды. Экологиялық жағынан тиімді. Бізге энергия қажет. Бұл орайда елді жеткілікті қуатпен қамтамасыз ету үшін қауіпсіз деп танылған жаңартылатын энергия көздеріне қоса, атом энергиясын пайдалану маңызды. Бұл әр мемлекеттің алдында тұрған мақсат.
Жандос Темірғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еліміздің әрбір азаматы «Таза Қазақстанда» жайлы өмір сүруі керек
21.09.2026, 20:42
Табиғатты аялау, қоршаған ортаға қамқор көзбен қарау – ұлтымыздың болмысында бар асыл қасиет
21.09.2026, 20:37
Қызылсуат ауылы табиғи газға қосылды
21.09.2026, 20:20
ШҚО-да таудағы туризм табыс көзіне айналды
21.09.2026, 20:19
Алматы мен Астана әлемнің үздік 300 қаласының қатарына енді
21.09.2026, 20:18
Абай облысында су үнемдеу технологиясын игергендер көбейді
21.09.2026, 20:17
Сырдарияда жаңа көпірдің құрылысы басталды
21.09.2026, 20:17
Елде су үнемдеу технологиялары қолданылатын алқап 700 мың гектардан асты
21.09.2026, 20:13