Әкімдіктер талапкерлерге 2,5 мыңға жуық грант бөлді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әкімдіктер талапкерлерге 2,5 мыңға жуық грант бөлді

06.08.2024

Жергілікті атқарушы органдардан конкурстық негізде мемлекеттік білім беру грантына өтініштерді қабылдау бүгін басталды. Әкімдіктер жыл сайын сұранысқа ие мамандықтарға грант бөледі. Биыл жергілікті атқарушы органдар жалпы 2 мың 475 білім беру грантын бөлді.

Ең көбі - 858 грантты елорда әкімдігі бөліп отыр. Одан кейін Шығыс Қазақстан облысы – 270 грант, Абай облысы – 200, Маңғыстау облысы – 175, Ақмола облысы – 160 және Жетісу мен Қызылорда облысы – 100 грант, қалған аймақтар 100-ден аз грант бөлген. Білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін үміткер жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиясына өтініш беру қажет. Жоғары оқу орындарына қабылдау 25 тамызда аяқталады.

Қаракөз Нұрмағанбет

Хабарламаларға жазылу