Түркияда Instagram әлеуметтік желісінің бұғатталу себебі анықталды
Әлеуметтік желі елдің бірқатар заңдарын бұзған. Мұндай мәлімдемені Түркияның Көлік және инфрақұрылым министрі жасады. Оның айтуынша бұған дейін Түркия заңдарын бұзғаны үшін Instagram желісінің елдегі өкілдігін бірнеше рет ескерткен. Алайда оған компания өкілдері жауап бермегендіктен осындай қатаң қадамға баруға мәжбүр болдық, - деді ведомство басшысы. Министрдің айтуынша Instagram желісінің Түркиядағы өкілдігі ескертулерді қабылдап, кемшіліктерді жойған кезде ғана әлеуметтік желіге кіруге болады. Дегенмен Instagram желісі Түркияның қандай заңдарын бұзғаны айтылмады.
Әбдулқадір Уралоғлы, Түркияның көлік және инфрақұрылым министрі:
Түркия - өзінің заңдары мен ережелері бар тәуелсіз ел. Біздің заңмен бекітілген және қоғамда қалыптасқан ережелерімізді сақтамағандарға тиісті шара қолдануға мәжбүрміз. Қазір әріптестеріміз Instagram-ның Түркиядағы өкілдігімен келіссөздер жүргізіп жатыр. Олар айтылған кемшіліктерді түзеген бетте, бір сағат ішінде біз кедергіні алып тастаймыз.
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мерейлі отбасы – тәрбие мен дәстүр сабақтастығы
07.08.2026, 20:19
СҚО-да егін орағына әзірлік пысықталды
07.08.2026, 20:17
«Болашақ ойындары-2026»: 180 млн қаралым жиналды
07.08.2026, 20:15
Ақкерегешың – ақ жартасқа қашалған тарих
07.08.2026, 20:14
Биыл тұзды көлдерде 6 адам қайтыс болған
07.08.2026, 20:13
Президент солтүстіктегі тұрғындарды облыстың 90 жылдығымен құттықтады
07.08.2026, 20:11
Жаңа Конституция – жарқын болашақ кепілі
07.08.2026, 20:11
Құрылтай: Үгіт-насихат жұмыстары жалғасып жатыр
07.08.2026, 20:01