6 тамызда Назым Қызайбай шаршы алаңға шығады
Бүгін грек-рим күресінен 130 келі салмақта белдескен жерлесіміз Әлімжан Сыздықов ширек финалда әзербайжандық атлетке жол берді. Сондай-ақ 60 келі салмақ дәрежесінде қырғыз балуанымен күрескен Айдос Сұлтанғали да жеңіліп қалды. Париж Олимпиадасындағы спортшыларымыздың аяқ алысы жайлы Парижде жүрген тілшіміз Нұрсұлтан Тілектес баяндайды.
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Дәл бүгін грек-рим күресінен екі бірдей балуанымыз белдесуге шықты. Ерлер арасында 130 келі салмақ дәрежесінде белдескен жерлесіміз Әлімжан Сыздықов бірінші айналымда Румыния спортшысын тізе бүктірді. Дегенмен ширек финалда әзербайжандық балуаннан жеңіліп қалды. Әлімжаннан кейін боз кілемге 60 келі салмақтағы Айдос Сұлтанғали шықты. Өкінішке қарай ол да қырғыз балуанына есе жіберді. Егер ол жеңсе жартылай финалға шығатын еді. Сондай-ақ бүгін жеңіл атлетикадан әйелдер арасында Ольга Сафронова да 200 метрге жүгіруден жұбаныш сынына қатысқан еді. Ол өкінішке қарай финалға шыға алмады.
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Ертең каноэде есуден Сергей Эмишьянов, Руфина Ысқақова сондай-ақ байдарка есуден Бекарыс Рахматулла сынды 6 спортшымыз жарысқа шығады, жеңіл атлетикадан әйелдер арасында Нора Джеруто 3000 метрге жүгіруден финалға қатысады. Сондай-ақ Астана уақытымен түнгі 1-де әйелдер боксынан 50 келі салмақта Назым Қызайбай шаршы алаңға шығады.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қоқыс полигондарының 80%-ы санитарлық талаптарға сай емес
07.04.2026, 20:57
Конституцияны түсіндіру жұмысы жаңа қарқын алады
07.04.2026, 20:52
Азия чемпионаты: Сегіз боксшымыз финалда
07.04.2026, 20:50
Жоғалған балалар бірнеше күннен бері табылмай жатыр
07.04.2026, 20:14
Соңғы 3 жылда терезеден 104 бала құлап, көз жұмды
07.04.2026, 20:10
Тегеран Трамптың шарттарын орындаудан бас тартты
07.04.2026, 20:10
Бензин бағасы бақылауда
07.04.2026, 20:08
Алматыда самокаттардың тең жартысы айып тұрағына қойылды
07.04.2026, 20:08