Республикалық этномедиация кеңесінің ережесі мен құрамы жаңартылды
Қазақстан Халқы Ассамблеясына қарасты Республикалық этномедиация кеңесінің ережесі мен құрамы жаңартылды. Бұл туралы медиация күніне орай Астанада өткен кеңестің кеңейтілген отырысында белгілі болды. Жиынға орталық мемлекеттік органдардың, қоғамдық құрылымдардың өкілдері мен еліміздің барлық аймақтарынан этномедиаторлар қатысты. Жаңа құрамға облыстық этномедиация кеңестерінің төрағалары кірді. Басқосуда Ассамблея Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов этномедиаторлардың сапалық жаңа пулын әсіресе өңірлерде қалыптастыру мәселесін көтерді. Бұл – құқықтық сауаттылықты арттырып, заңдық жауапкершілікті күшейтеді. Айта кеткен жөн, елімізде қазір 200-ге жуық этномедиатор бар. Олар айналасы 9 жылда 150 мыңнан астам түрлі іске араласып, азаматтарды татуластыруға атсалысқан.
Орал Шәріпбаев, Қазақстан Халқы Ассамблеясының құрметті азаматы, Абай облыстық медиациясының төрағасы:
Біздің мақсатымыз – оны дауластырумен емес, достастырумен емес, осы процеске жеткізбей, адамның санасына, жастардың санасына жеткізу. Сана түзелсе, адам түзеледі. Ой түзелсе адам түзеледі. Сондықтан бізге кейін адвокат та, сот та ештеңе де керек болмай қалуы мүмкін.
Олег Чугунков, ШҚО мәслихаты аппаратының басшысы:
Негізінен этномедиация бұл осы елімізде тыныштыққа профилактика ретінде жұмыс жасайды.Өйткені ол көбінесе, біздің ұлттық саясатты екіжаққа түсіндіріп беруі керек.
Шерзод Пулатов, ҚХА республикалық этномедиация кеңесінің төрағасы, ұлттық құрылтай мүшесі:
Көп ұлттар тұратын жерлерге барып, біз түсінбеушіліктер пайда болса, түсінбеушіліктерді ортаға саламыз. Біз олармен кездесіп, осы мәселені шешу үшін қандай жолдар бар, яғни, ақылдасып, осы медиативтік тәсілдерді қолданып, көптеген мәселелерді шешіп келе жатырмыз.
Жандос Темірғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы