Париж-2024: Бүгін палуандарымыз күреседі
Бүгін Париж Олимпиадасының басталғанына тура 10 күн болды. Франциядан тілшіміз байланысқа шықты.
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Франция уақытының Астана уақытымен 3 сағат айырмашылығы бар. Біздің спортшыларымыз қатысатын жарыстар Астана уақытымен кешкі 18.00-де басталады. Олар палуандарымыз. 60 келі салмақ дәрежесінде күресетін Айдос Сұлтанғали қырғызстандық спортшымен беледеседі. Ал 130 келі салмақта Әлімхан Сыздықов Румыния өкілімен бағын сынайды. Қос спортшымыз да бүгін жеңіске жететін болса, финалға шығады. Сондай-ақ бүгін жеңіл атлетикадан өзінің төртінші олимпиадасына қатысып отырған желаяқ жерлесіміз Ольга Сафронова 200 метр қашықтыққа жүргіруден іріктеу кезеңіне қатысады.
Жүргізуші:
Нұрсұлтан, қазір біздің қоржында 4 медаль бар. Жалпы қай елдің спортшылары алда келеді?
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Олимпиададағы медальдар саны бойынша бейресми командалық есепте АҚШ алға сытылып шықты. Құрама шататтардың қоржынында 71 медаль бар. Оның 19-ы алтын. Екінші орында 45 медальмен Қытай, ал үштікті 44 медальмен Франция түйіндеп тұр. Қоржынындағы бір алтын, бір күміс және екі қоламен Қазақстан 29 орында тұр. Айта кету керек, бұл көрсеткіш бүгінгі жарыс күнінің қорытындысы бойынша өзгереді. Әлі спортшыларымыз қатысатын біршама жарыс бар. Сондықтан ұлттық құрамаға қолдау көрсетейік.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы Трамп бастамашы болған суперинтеллект туралы келісімге қолдау білдірді – сарапшылар пікірі
02.10.2026, 14:09
Бізге дайын өнім мен жаңа технология жасай алатын білікті мамандар қажет - Тоқаев
02.10.2026, 13:39
Астанада Astana AI Film Festival (AAIFF 2026) халықаралық кинофестивалі өтіп жатыр
02.10.2026, 12:34
Президент: Трамптың суперинтеллект туралы келісімі жаһандық үлгі болуы мүмкін
02.10.2026, 11:20
Шетелдік басылым Қазақстанның соңғы жылдардағы өзгерісіне назар аударды
02.10.2026, 09:10
Трамп бастамасымен жасалған суперинтеллект туралы келісім жаһандық деңгейде үлгі болуы мүмкін — Тоқаев
02.10.2026, 08:36
Азиада: Ұлттық құрама жалпыкомандалық есепте 9-орында тұр
01.10.2026, 20:30
Спортшылар Азия ойындарынан жүлдемен оралды
01.10.2026, 20:30