Грант үлестіру кезінде тасқыннан зардап шеккен аймақтардың түлектеріне басымдық берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Грант үлестіру кезінде тасқыннан зардап шеккен аймақтардың түлектеріне басымдық берілді

03.08.2024

Биыл грант үлестіру кезінде тасқыннан зардап шеккен аймақтардың талапкерлеріне басымдық берілді. Жалпы гранттың 20 пайызы осы өңірлерге бөлінген. Жалпы бакалавиратқа 78 мың грант қарастырылған. Сондай-ақ министрлік өкілдерінің мәліметінше стоматология мамандығына сұраныс артқан.

Гүлзат Көбенова, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің комитет төрайымы:

Педагогикалық мамандықтарға, инженерлік мамандықтарға қауіпсіздік негіздері немесе ІТ саласына сұраныс өте көп. Ал енді балалардың конкурсқа берген құжаттарына талдау жасайтын болсақ биыл стоматология , аударма ісі немесе мұғалімдерге де сұраныс көп. 

Наужан Дидарбекова , Ұлттық тестілеу орталығы директорының орынбасары:

Су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға қатысты бірқатара оңтайлы жағдайлар жасалды. 01:40 жалпы мемлекеттік білім беру грантының 20 пайызы осы судан зардап шеккен өңірдің балаларына квота ретінде берілді.

Биыл мемлекет тарапынан жалпы бөлінетін гранттар саны 95 мыңға жуық. Оның 78-мыңы бакалавриат, 13 мыңы магистратураға, 3000-ы докторантураға бағытталды. 15 мыңнан астам грант тасқыннан зардап шеккен аймақтардың түлектеріне берілсе, 2000-ға жуық түлек елімізде ашылған шетелдік ЖОО филиалдарына оқуға түсті. 

Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу