Қызылордадағы жеке тұрғын үйде газ жарылысынан зардап шеккен 4 баланың жағдайы әлі де өте ауыр.Санавиация бортымен Алматыға шұғыл жеткізілген жасөспірімдердің денесінің 85% - на дейін күйік шалған. 14 жастағы екі ұл және екі қызды «Балаларға шұғыл жедел медициналық көмек көрсету орталығына» жеткізу үшін орталық дәрігерлері алып келген. Бірден жансақтау және қарқынды терапия бөлімшесіне жатқызылған. Дәрігерлер алдын ала болжам жасау қиын, балалар күйіктік шоктың II-III дәрежесін алған,- деп отыр. Айта кетейік бұл жағдай қазір Денсаулық сақтау министрінің тікелей бақылауында.
Медетәли Мақұлбеков, Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығы жансақтау бөлімінің меңгерушісі:
Қазіргі уақытта тыныс алуы балалардың өздігімен ылғалдандырылған оттегімен қамтамасыз етілген. Ота болашақта қажет болуы мүмкін.Балалардың жағдайын тұрақтандыру, критикалық жағдайдан шығару. Өкінішке қарай прогноз бере алмаймыз, қолдан келгенін жасаймыз, жағдайлары өте ауыр деп бағаланады.
Әйгерім Ердәулет