«Қорқыт» Монреаль кинофестивалінде қос жүлдеге ие болды
«Үздік костюм» және «Үздік грим». Осы аталымдар бойынша Ұлттық арнаның «Қорқыт» тарихи биографиялық телехикаясы халықаралық кинофестивальде қос жүлдеге ие болды. Монреальда өткен байқау - Канаданың кино саласындағы дәстүрлі фестивальдердің бірі. Сериалдың костюм бойынша қоюшы-суретшісі Жанар Райым болса, киімдердің алғашқы жобасын салған - Әсем Кенжетаева. Ал грим бойынша қоюшы-суретшісі Андрей Цирюльник екенін айта кетейік. Түркі халықтарына ортақ Қорқыт тұлғасына арналған тарихи драма Өзбекстанның, Әзербайжанның телеарналарынан да көрсетілді. Алдағы уақытта Қырғызстан мен Түркия көрермендеріне жол тартады. Туындының толық нұсқасын «Qazaqstan» телеарнасының YouTube желісінен көре аласыздар.
Қаракөз Тұрмағанбет
Автор
Қаракөз Тұрмағанбет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
90 жастағы қария темірден түйін түйеді
08.09.2026, 21:16
Жаңа оқу жылында 57 мектеп ашылды
08.09.2026, 20:15
Енді мұғалімдерге сабақ сағатын ЖИ бөледі
08.09.2026, 20:14
Елдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақты
08.09.2026, 20:13
Әлем жаңалықтарына қысқаша шолу
08.09.2026, 20:12
Экономика өсіп келеді: ЖІӨ 70,9 трлн теңгеге жетті
08.09.2026, 20:10
Қазақстандықтар микронесие алуды азайтты
08.09.2026, 20:09
Жеңілдетілген ипотекаға сұраныс жоғары
08.09.2026, 20:06