Томирис Ыдырысбаева Гонконг олимпиадасында жүлдегер атанды
Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-ші сынып оқушысы Томирис Ыдырысбаева Гонконгта өткен VII халықаралық экономика олимпиадасында жүлдегер атанды. 53 мемлекет ішінде Қазақстанның атын айшықтады. Жас экономист қола жүлдеге ие болды.
Томирис Ыдырысбаева, Астана қаласының НЗМ 12 сынып оқушысы:
Жалпы Гонконгтағы экономикадан халықаралық олимпиадаға 53 мемлекет қатысты. Олардың жартысы онлайн түрде, ал жартысы Қазақстан сияқты офлайн түрде Гонконгқа барып қатысты. Біздің құрама осы жолы керемет нәтиже көрсетті. Бесеуіміз де медаль алдық. Екі бала күміс, үшеуіміз қола медальды иелендік.
Өткен жылдың қорытындысымен салыстырғанда Қазақстан құрамасы ең жоғары нәтиже көрсетті. Осылайша біздің мектеп оқушыларымыз әлемдегі ең мықты 10 команданың қатарына ілікті. Бизнес-кейс бойынша үздік 7 команданың бірі деп танылды. Осылайша Қазақстандық оқушылардың жүлде қоржыны тағы бес халықаралық медальмен толықты.
Алина Меліс
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еліміздің әрбір азаматы «Таза Қазақстанда» жайлы өмір сүруі керек
21.09.2026, 20:42
Табиғатты аялау, қоршаған ортаға қамқор көзбен қарау – ұлтымыздың болмысында бар асыл қасиет
21.09.2026, 20:37
Қызылсуат ауылы табиғи газға қосылды
21.09.2026, 20:20
ШҚО-да таудағы туризм табыс көзіне айналды
21.09.2026, 20:19
Алматы мен Астана әлемнің үздік 300 қаласының қатарына енді
21.09.2026, 20:18
Абай облысында су үнемдеу технологиясын игергендер көбейді
21.09.2026, 20:17
Сырдарияда жаңа көпірдің құрылысы басталды
21.09.2026, 20:17
Елде су үнемдеу технологиялары қолданылатын алқап 700 мың гектардан асты
21.09.2026, 20:13