56 жастағы каратэші Үсенғали Молдағалиев Азия чемпионы атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

56 жастағы каратэші Үсенғали Молдағалиев Азия чемпионы атанды

02.08.2024

56 жастағы каратэ шебері Үсенғали Молдағалиев Азия чемпионы атанды. Маңғыстау облысының тұрғыны Астанада өтіп жатқан кёкушинкай-каратэден алғашқы Азия біріншілігінде бақ сынаған еді. 75 келі салмақта өнер көрсеткен спортшы жекпе-жектің бұл түрімен айналысып жүргеніне 32 жыл болған.

Кешелі бері қазақ жеріндегі татамиде кёкушинкай-каратэден тұңғыш рет Азия мықтылары анықталып жатыр. Бірінші жарыс күнінің қорытындысы бойынша өз жасы мен салмағына байланысты өнер көрсеткен 15 қазақстандық қатысушы чемпион атанды. Тағы 36 спортшы күміс пен қолаға қол жеткізді. Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында кёкушинкай-каратэден балалар мен жасөспірімдер арасындағы 4-ші әлем чемпионаты да өтіп жатқанын айта кетейік. Қос сайыста 22 елден келген 555 каратэші шеберлігін сынап жатыр. 

Қаракөз Тұрмағанбет

Хабарламаларға жазылу