Назым Қызайбай Олимпиада ойындарының ширек финалына шықты
Осыдан бірнеше сағат бұрын Назым Қызайбай Олимпиада ойындарының ширек финалына шықты. 50 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық боксшы бразилиялық Каролин Барбозаны айқын басымдықпен жеңді. Жалпы Париж Олимпиадасындағы жарыстар жалғасып жатыр. Дзюдо, садақ ату мен нысана көздеуден спортшыларымыз сынға түсті.
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Бүгін дзюдан жарыс өтті. Татамиге жерлесіміз Нұрлыхан Шархан шықты. 100 келі салмақ дәрежесінде күрескен балуанымыз бірінші айналымда Бельгия спортшысын тізе бүктіріп, екінші айналымда өзбекстандық атлетке жеңіліп қалды. Осылайша спортшымыз ширек финалдан қағылды. Белдесуден кейін біз онымен сұхбаттастық. Нұрлыханның айтуынша оған сәл ғана сәттілік жетіспеген. Айта кетейік бұл Нұрлыханның алғашқы Олимпиадасы. Садақ атудан Дәулеткелді Жаңбырбай жекелей сында колумбиялық мергенмен бақталасты. Өкінішіке қарай жерлесіміз 3:7 есебімен қарсыласына есе жіберді. Осымен Дәукелді үшін Париж Олимпиадасы аяқталды.
Сондай-ақ 50 метрге үш позициядан нысана көздеуден екі бірдей жерлесіміз Александра Ле мен Арина Алтухова бағын сынап көрді. Дегенмен олар іріктеу сынынан өте алмады. Нақтырақ айтсақ Александар Ле 10, Арина Алтухова 13 орын алды. Финалға алғашқы 8 орын алған спортшылар өтті.
Алда спортшыларымыз бокс, теннис және гандбол сынды спорт түрлерінен жарысқа шығады. Оларға сәттілік тілейміз. Соңғы үш күнде ел қоржынына медаль түспеді, сондықтан бүгін спортшыларымыз қуантады деген үміттеміз.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17