Мектеп құралдарын алу үшін 510 мың балаға қаржы бөлінеді
Мектеп құралдарын алу үшін 80 мыңға жуық ата-анаға ақша аударылады. Балалар құқығын қорғау комитетінің дерегінше, «Жалпыға бірдей білім қоры» 510 мың балаға 43 мың 407 теңгеден бөледі. Олардың қатарында атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардағы мектеп оқушылары мен табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардың балалары бар. Сонымен қатар жетім балалар мен төтенше жағдайға тап болған отбасылар да кіреді.
Насымжан Оспанова, ҚР Оқу-ағарту министрлігі балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы:
Алматыда берілетін көмек көлемі 50 мың теңгеден басталады. Қалған өңірде 43 мың теңге. Бұл ата-аналар мен балаларға киім-кешек пен мектеп керек-жарақтарын жеткізушілерді өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Осылайша сапасыз тауарларды алуды болдырмайды.
Динара Жарқынбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ӘЧ: Топтық кезеңнің екінші айналымы аяқталды
24.06.2026, 20:20
БҚО-да күрежолдың құрылысы жыл соңына дейін аяқталады
24.06.2026, 20:15
Дәрігерлер әткеншектен құлаған баланың бүйрегін сақтап қалды
24.06.2026, 20:14
Әлем жаңалықтарына шолу
24.06.2026, 20:13
Шымкентте инвестициялық жобаларды қолдау күшейтіледі
24.06.2026, 20:12
Өңірде коммуналдық проблема түбегейлі шешіледі
24.06.2026, 20:10
Газ құю бекеттеріндегі оқыс оқиғалар тыйылмай тұр
24.06.2026, 20:06
Өңірдегі стратегиялық нысандар - Үкімет назарында
24.06.2026, 20:05