Маңғыстауға іс-сапармен барған Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Жаңаөзен қаласындағы стратегиялық маңызды кәсіпорындардың жұмысымен танысты.
Вице-премьер алдымен тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ететін «Өзен» су тазарту мекемесіне барды. Мұнда тәулігіне 25 мың текше метр су өндіріледі. Бірақ жазда қаланың сұранысы 45 мыңға жетіп отыр. Сондықтан қосымша 30 мың текше метр су жинайтын бірнеше резервуар салу туралы шешім қабылданды. Қанат Бозымбаев әкімдікке алдағы қараша айына дейін қажетті жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуді тапсырды. Сондай-ақ вице-премьер Жаңаөзен қаласында сумен жабдықтау және су бұру желілерін реконструкциялау, кеңейту жұмыстарымен және Қазақ газ өңдеу зауытының да жұмысымен танысты.
Қанат Бозымбаев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:
Су жетіспейді, түн ішінде өшіріп тастайды, суды жинақтайды ол тиісті қондырғылардың қуаттылығы жетіспеушілігі деген мәселе. Бұны қолға алу керек тез арада. Тиісті құжаттарды дайындап біз қаржыландыру мәселесін қарастырамыз. Республикалық бюжеттен де жергілікті бюджеттен де қолдау көрсетілетін болады.
Аягөз Оралбайқызы