Сарапшылар: АЭС салудың экономикалық пайдасы зор - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарапшылар: АЭС салудың экономикалық пайдасы зор

31.07.2024

Атом электр станциясын салу сан алуан салаға серпін береді, - дейді Ядролық физика институтының ғалымдары. Энергия көзі экологиялық таза болғандықтан, қоршаған ортаға еш зияны жоқ. Сондай-ақ шетелдік мамандар ең қауіпсіз атом реакторларын ұсыныпты. Реакторды шексіз қолдануға болады, - дейді ғалымдар. Бұл озық әдісті әзірге Франция мен Ресей ғана қолданып отыр. Алдағы уақытта жаңа технологияны меңгеру үшін Ядролық физика институтының алты маманы шетелдік ғалымдармен тәжірибе алмасады. Айта кетейік атом электр станциясын салу жалпыхалықтық референдум арқылы шешіледі. Ал салынған жағдайда, отын ретінде өзімізде өндірілетін уран пайдаланылмақ. Мамандар елімізде атом энергия станциясын салудың экономикаға пайдасы зор, деп отыр.

Саябек Сахиев, «Ядролық физика институты» РМК бас директоры:

Атом электр станциясын Қазақстан осыдан 20-30 жыл бұрын бастауы керек еді салуды. Сонда біз біріншіден жасыл энергетиканың көзі болып табылар едік, екіншіден, кімнің энергияны көп өндіре алады, соның мүмкіндігі көп. Сондықтан да өндірістік арттырар еді. Өйткені АЭС күні-түні энергия шығарады. Демек, үлкен үлкен зауыт-фабрикалар орнатар едік. 

Айдана Қуантқан


Хабарламаларға жазылу