Түркістан облысында селфи жасаймын деп суға кеткен қыз баланың құтқарушылар мәйітін тапты. Оқиға орнында үш күн бойы сүңгуірлер мен құтқарушылардан жасақталған арнайы бригада жұмыс істеді.
Жергілікті Төтенше жағдайлар департаментіне оқыс оқиға туралы ақпарат шілденің 28-і күні таңғы 10-да түскен. Қасқасу ауылынан 15 шақырым жердегі ұлттық парктегі өзенге бойжеткен селфи жасаймын деп суға құлап кеткен. Достарының айтуынша абайсызда аяғы тайып, ағысы қатты суға құлаған. Жалпы елімізде шомылу маусымы басталғалы бері 102 адам суға батқан. Олардың 35-і кәмелетке толмағандар. Балалар көбіне-көп ата-ананың қарауынсыз қалған кезде суға кетіп, ажал құшады, - дейді ведомство өкілі.
Қаракөз Тұрмағанбет